ДАМУ
Тодд Боэли бастаған америкалық консорциум «Лукойлдың» шетелдік энергетикалық активтерін сатып алуға келісті. Қазақстандағы жобаларға тиесілі үлестердің қайсысы мәмілеге кіретіні әзірге белгісіз.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
«Лукойлдың» Қазақстанда мұнай-газ жобаларындағы үлестері, майлау материалдарын өндіретін зауыты және жанармай құю бекеттері бар. Компания Қарашығанақ жобасының 13,5 пайызына, Теңіз кен орнын игеретін «Теңізшевройлдың» 5 пайызына және Каспий құбыр консорциумының 12,5 пайызына иелік етеді.
Сонымен қатар «Лукойл» «Каламкас-море, Хазар және Әуезов» жобаларын іске асыратын компанияның 50 пайызына, «Әл-Фараби Оперейтингтің» 49,99 пайызына және майлау материалдары зауытының 100 пайызына иелік етеді. Қазақстандағы бұл активтердің қайсысы халықаралық портфель құрамында сатылатыны туралы нақты ақпарат жоқ.
25 қарашада Тодд Боэли «Лукойлмен» оның халықаралық энергетикалық активтерін сатып алу жөнінде келісімге қол қойғаны хабарланды. Консорциум құрамына АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясы, Xtellus Partners инвестициялық банкі және Catena Investment Holding компаниясы кіреді. Келісім АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) мақұлдауын қажет етеді. Боэлидің бағалауынша, мәмілені аяқтауға бір жылға дейін уақыт кетуі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61