ҚОҒАМ
Студенттердің айтуынша, белгісіз ер адамдар түнде жатақхана терезелеріне келіп, әдепсіз әрекеттер жасаған. Құқық қорғаушы Ішкі істер министрлігінен қауіпсіздік шараларын күшейтуді сұрады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Алматыдағы университеттердің бірінің студенттері әлеуметтік желіде жатақхана маңындағы түнгі оқиғалар туралы жазды. Олардың сөзінше, белгісіз ер адамдар терезеге үңіліп, қыздарға айқайлайды және әдепсіз қылық көрсетеді. Студенттер мұндай жағдайдың жиі қайталанатынын, ал жатақхана қызметкерлері шағымдарына мән бермейтінін айтқан.
Бұл мәселеге қоғам белсендісі, Human Rights Lawyers қорының жетекшісі Ләззат Ракишева назар аударды. Оның айтуынша, студенттер жатақхана коменданты мен деканаттың оқудан шығару немесе жатақханадан қуу туралы қоқан-лоққысынан қорқып, ашық шағымдана алмайтынын жеткізген.
Ракишева Ішкі істер министрлігін студенттер тұратын жатақханалардағы қауіпсіздікке назар аударып, күзет пен түнгі патрульді күшейтуге шақырды. Сондай-ақ ол кезекшілердің күдікті адамдар мен оқиғалар туралы полицияға дереу хабарлауын, университет басшылығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және жатақхана терезелерінің маңына, кіреберістеріне және аумағына қосымша бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61