ҚОҒАМ
Атырау облыстық соты Қашаған операторының апелляциялық шағымын ішінара қанағаттандырды. Компанияның жылжымайтын мүлкі мен көлік құралдарына салынған тыйым мен өзге шектеулер күшінде қалды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Сот орындаушысының NCOC-ке активтерін азайтуы мүмкін мәмілелер жасауға тыйым салған қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Бұл шектеу 2,356 трлн теңге экологиялық айыппұлды өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс аясында енгізілген.
Атырау облыстық соты қаулыда тыйым салуға нақты құқықтық негіз көрсетілмегенін, мұндай шараның қажеттілігі түсіндірілмегенін және оның кімге қолданылатыны анық жазылмағанын атап өтті. Құжат мемлекеттік мүддені білдіретін PSA ұйымына орындау үшін жіберілгенімен, сот орындаушысы оның қандай өкілеттігі барын түсіндірмеген.
Сонымен бірге сот алқасы сот орындаушысының мәжбүрлеп орындатуды қамтамасыз ету шараларын қайта қолдана алатынын айтты. Апелляцияның өзге талаптары қанағаттандырылмады: NCOC-тің жылжымайтын мүлкі мен көлік құралдарына салынған тыйым және басқа шектеулер сақталды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61