ӘЛЕМ
Конго Демократиялық Республикасында Бундибуджо вирусын жұқтырғандар саны 12 021-ге жетті. Аурудан 5 904 адам көз жұмған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Эпидемия мамыр айының ортасында елдің солтүстік-шығысындағы Итури провинциясында басталып, Конгоның 26 өңірінің сегізіне тарады. Бундибуджо штамына қарсы мақұлданған дәрі-дәрмек те, вакцина да жоқ.
Індеттің бұрынғы толқындарға қарағанда жылдам таралуына науқастарды кеш анықтау, қарулы қақтығыстар және денсаулық сақтау жүйесіндегі ресурстар тапшылығы әсер етіп отыр. Africa CDC мәліметінше, жаңа жұқтыру жағдайларының тек 15 пайызы дәрігерлерге белгілі байланыста болған адамдардан анықталған. Демек, вирустың таралу жолдарының едәуір бөлігі мамандар назарынан тыс қалып отыр.
Қазіргі індет таралу ауқымы мен құрбандар саны бойынша бақылау тарихындағы екінші ірі эпидемияға айналды. Бұдан да ауыр жағдай 2014–2016 жылдары Батыс Африкада тіркелген: онда 28 600-ден астам адам вирус жұқтырып, 11 мыңнан астамы қайтыс болған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61