СПОРТ
Алматылық клуб төртінші турда швециялық «Мьельбюді» 1:0 есебімен жеңіп, жалпы кестеде 23-орынға шықты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
«Қайрат» пен «Мьельбю» арасындағы матчтағы жалғыз голды 14-минутта Еркін Тапалов соқты. Қақпашы Темірлан Анарбеков те жеңіске үлес қосты.
Төрт турдан кейін алматылық командада бес ұпай бар. Кестеде 9-орыннан 24-орынға дейінгі клубтар 1/8 финалға шығу үшін стыковой матчтарда таласады, ал 25-орыннан бастап командалар жарыстан шығады. «Қайрат» екі жыл ішінде алғаш рет плей-офф аймағына кірді.
Команда келесі ойынын 10 желтоқсанда румыниялық «Университатяға» қарсы өткізеді. Негізгі кезеңдегі соңғы кездесу 17 желтоқсанда нидерландтық «Твентемен» өтеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61