ӘЛЕМ

Трамп Путинді Еуропадағы әскери агрессияны тоқтатуға шақырғанын айтты

АҚШ президенті Қытайдағы келіссөздерде Ресейдің Еуропадағы әскери әрекеттерін доғару мәселесін көтергенін мәлімдеді. Ол Ресей мен Украина арасындағы келісімге жақын арада қол жеткізуге болады деп санайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Дональд Трамп бұл туралы Truth Social желісінде НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуі аясында жазды. Оның сөзінше, Ресей президенті Владимир Путинмен Қытайда өткен келіссөздерде Еуропадағы Ресейдің әскери агрессиясын тоқтату мәселесіне көп уақыт бөлген.

Трамп Ресей мен Украина арасында келісім жасау мүмкіндігі бар деп есептейді. Ол ай сайын мыңдаған адамның қаза табатынын айтып, келісімге қол жеткізу мерт болғандарға көрсетілген құрмет болатынын жазды.

АҚШ президентінің мәліметінше, Мар-а-Лаго қаласында Рюттемен өткен кездесуде де Ресей мен Украина арасындағы соғыс және Ирандағы қақтығыс талқыланды. Трамп Қытайдағы келіссөздер туралы НАТО бас хатшысына баяндағанын айтты.

Кездесуден кейін жарияланған бірлескен мәлімдемеде Ресей мен Украинаның соғыстың кеңеюіне әкелуі мүмкін әрекеттерден сақтануы және қақтығысты бейбіт жолмен мүмкіндігінше тез реттеуі қажеттігі айтылған. Сондай-ақ Гаага мен Анкарадағы саммиттерде АҚШ пен НАТО қол жеткізген нәтижелер талқыланған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61