ДАМУ
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің дамуы электр энергиясына сұранысты арттырып отырғанын айтты. Алғашқы «Балқаш» станциясы Ресеймен бірлесіп салынып жатыр.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қазақстан Президенті бұл туралы Мәскеуде өтіп жатқан AI Journey 2026 халықаралық конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, жасанды интеллектіні жедел енгізу есептеу қуатына сұранысты өсіріп, электр жүйелеріне түсетін жүктемені арттырады.
Тоқаев Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамын келтірді: 2030 жылға қарай деректерді өңдеу орталықтарының әлемде тұтынатын электр энергиясы 950 миллиард киловатт-сағатқа жетуі мүмкін. Бұл 2024 жылғы деңгейден екі еседен көп. Президент Қазақстандағы алғашқы «Балқаш» атом электр станциясы Ресеймен, «Росатом» корпорациясының жетекші рөлімен салынып жатқанын айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61