ҚОҒАМ

Тараздағы арнайы мектепте зорлық-зомбылық болды деген шағым тексеріліп жатыр

Арнайы мектептен қашып кеткен үш тәрбиеленуші үйлеріне оралған соң аналарына соққыға жығу мен ақша талап ету туралы айтқан. Білім басқармасы зорлық-зомбылық дерегін растамай, полицияның шағымдар бойынша тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Қыздардың аналарының айтуынша, мекемедегі ересек тәрбиеленушілер кішілерді қорқытып, ақша сұраған. Аналардың бірі қызының қолына гипс салынғанын айтты. Тағы бір ана қызы үйіне келгенде беті ісіп, шашынан тартылғанын және мекемеде қалудан қатты қорқатынын жеткізген.

Ата-аналар педагогтер балалар арасындағы жағдайдан хабардар болғанымен, әрекет етпеді деп санайды. Ал Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Таткеев бейнебақылау жазбаларын тексергенде тәрбиеленушілерді ұрып-соғу дерегі анықталмағанын айтты. Медициналық тексеру денсаулыққа елеулі зиян келтірген дене жарақаттарын көрсетпеген.

Таткеев мекеменің аумағында бейнекамералар барын және онда қиын жағдайдағы жасөспірімдер тәрбиеленетінін атап өтті. «Мирэкл» балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының өкілі Рауф Сабитов бос бөлмелерде камера жоқ екенін айтты. Қоғам белсенділері қадағалау органдарын жағдайды бақылауға шақырды.

Қазір полиция аналардың арыздары мен жасөспірімдердің айтқандарын тексеріп жатыр. Арнайы мектепте Қазақстанның әр өңірінен сот шешімімен бір жылға жіберілген 21 ұл және 22 қыз тұрады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61