Bugin
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми көрсеткіштері жақсарды. Kazakh National H-index Ranking 2026 рейтингінде университет Қазақстанның 110 жоғары оқу орны мен ғылыми ұйымы арасында екінші орнын сақтап қалды. Ал ұлттық Хирш индексі 13 тармаққа өсіп, 104-ке жетті.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Рейтингтің алдыңғы нұсқасымен салыстырғанда ҚазҰУ-дың ұлттық Хирш индексі 91-ден 104-ке дейін көтеріліп, 14 пайыздан астам өскен. Жаңартылған деректер бойынша университеттің Хирш индексі Scopus базасында – 118, Web of Science жүйесінде – 111, Google Scholar платформасында 167-ні құрады.
Сонымен қатар TOP 1000 Kazakh Scientists in Scopus International Database 2026 жеке рейтингінде ҚазҰУ-дың он ғалымы үздік 200 зерттеушінің қатарына енді. Олар физика, химия, биомедицина, биотехнология және медицина бағыттарында еңбек етеді.
Атап айтқанда, физика саласында Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының профессоры Тлеккабул Рамазанов, Теориялық және ядролық физика кафедрасының зерттеуші-профессорлары Владимир Джунушалиев пен Куантай Бошкаев, сондай-ақ Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының профессорлары Алия Аскарова мен Владимир Мессерле үздік екі жүздікке енген.
Бұл тізімнен Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының профессоры Григорий Мун, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры Әлібек Ыдырыс, Биотехнология кафедрасының зерттеуші-профессорлары Болатхан Заядан мен Асемгуль Садвакасова, сондай-ақ медицина ғылымдарының докторы Денис Винников те орын алды.
Рейтингтің үздік 200 ғалымы қатарында университеттің шетелдік ғылыми серіктестері де бар. Олардың қатарында Мексика ұлттық автономиялық университетінің зерттеушісі Hernando Quevedo, Жаңа Зеландиядағы Мэсси университетінің профессоры Faruk Balli және Италиядағы aeroTecno компаниясының технологы Marco Muccino бар. Аталған зерттеушілер ғылыми еңбектерінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды ғылыми аффилиацияларының бірі ретінде көрсеткен.
Университеттің ұлттық Хирш индексінің өсуі мен ғалымдарының халықаралық ғылыми рейтингтердегі нәтижелері ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61