ӘЛЕМ
Армения премьер-министрінің айтуынша, алдағы жылдары ел шекарасын күзету міндетін республика өзіне толық алады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Никол Пашинян 26 қарашада өткен брифингте Ресейдің шекара қызметі алдағы жылдары Армения аумағындағы жұмысын толық тоқтататынын айтты. Ол осы уақытқа дейін ел шекарасын күзеткен ресейлік шекарашыларға алғыс білдіріп, енді жауапкершілікті Арменияның өзі алуы керек екенін жеткізді.
Премьер Еуропалық одаққа кіру туралы заңның күшін жою мүмкін емес деп санайды. Оның сөзінше, заң азаматтық бастама аясында қабылданған, ал парламент сайлауында армян азаматтарының басым бөлігі оны қолдаған.
Қараша айының басында Пашинян мемлекеттік шекараларды бақылауды біртіндеп Арменияның шекара қызметіне беруді жоспарлап отырғанын айтқан. Бұл үдеріс Еуропалық одақпен визалық режимді жеңілдетуге дайындық аясындағы шекара қызметінің реформасымен байланысты. Ресей әскері 1992 жылдан бері мемлекетаралық келісім негізінде Арменияның Түркия және Иранмен шекарасын күзетіп келеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61