Bugin

Алматыда «Әділет» партиясы сайлауалды науқанның қорытындысын шығарды

27 қарашада Алматыда «Әділет» партиясының қалалық сайлауалды штабының қорытынды отырысы өтті. Жиында мәслихат депутаттарының сайлауы аясында атқарылған үгіт-насихат жұмыстары сараланып, партияның алдағы міндеттері талқыланды.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Отырысқа партиядан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ қалалық және аудандық сайлауалды штабтардың мүшелері қатысты.

Жиында ұсынылған мәліметке сәйкес, сайлауалды науқан кезінде Алматыда бір қалалық және сегіз аудандық штаб жұмыс істеген. Осы кезеңде түрлі сала өкілдерімен 1000-ға жуық кездесу мен іс-шара өткізіліп, 120 мыңнан астам тұрғын қамтылған. Ал «Есіктен-есікке» акциясы аясында 40 мың адаммен тікелей байланыс орнатылған.

Кездесулер барысында қала тұрғындарының ұсыныстары мен талап-тілектері тыңдалып, әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым және өмір сүру сапасына қатысты мәселелер жинақталған.

Қалалық сайлауалды штабтың жетекшісі Мейіржан Отыншиев науқан барысында тұрғындармен тікелей байланыстың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары бір айға жуық уақыт бойы заң талаптарын, ашықтық пен тәртіп қағидаттарын сақтай отырып жүргізілген.

Ал «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерін таныстырды. Қазіргі уақытта алдағы бес жылға арналған 100-ден астам тармақты қамтитын Жол картасының жобасы әзірленіп жатыр.

Құжатта әр бағыт бойынша нақты көрсеткіштер, іс-шаралар мен жауапты тараптар белгіленбек. Сондай-ақ партия атынан сайланатын депутаттардың тұрғындармен тоқсан сайын кездесіп, атқарылған жұмыстар туралы есеп беруі көзделген.

Жиында сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары да қаралды. Олардың қатарында 2031 жылға дейін 300 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысын дамыту, қоғамдық көлік инфрақұрылымын жетілдіру, қаланы көгалдандыру және білім беру ұйымдарындағы орын санын арттыру міндеттері бар.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61