ҚОҒАМ

Семейде сәбиді өлтірген ата-ананың үкімі заңды күшіне енді

Абай облысында жаңа туған баласын өлтіргені үшін әкесі өмір бойына сотталды. Анасына екі жыл жаза тағайындалғанымен, ол рақымшылыққа ілініп, жазасын өтеуден босатылды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жаңа туған сәбидің өліміне қатысты істі қарады. Сот анықтағандай, бала туғаннан кейін әкесі оны қоқыс контейнеріне апарып тастаған. Сараптама сәбидің тірі туғанын, ал өліміне тоңып қалу себеп болғанын көрсетті.

Әкесі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Анасы Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Анасы жасаған қылмыс орташа ауырлықтағы санатқа жататындықтан және рақымшылық актісіне іліккендіктен, сот оны тағайындалған жазаны өтеуден босатты. Үкім заңды күшіне енді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61