ҚОҒАМ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің бұрынғы үш басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады. Олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
ҰҚК мәліметінше, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры В.В. Петров, оның орынбасары К.М. Қабылов және атқарушы директор — сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры А.К. Сембай 9-10 қарашада ұсталған.
Соттың санкциясымен олар 11 және 12 қарашада екі ай мерзімге қамауға алынған. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61