ҚОҒАМ

Алматыдағы өрт: үй иесі қасақана өрт қоюы мүмкін екенін айтты

Бостандық ауданындағы жеке үйден өрт сөндіру кезінде бес адамның мәйіті табылған. Үй иесі оқиғаға бұрын тұрған әйелдің қатысы болуы мүмкін деп санайды, алайда бұл болжамды полиция растаған жоқ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Үй иесі Қуаныш Кенестің сөзінше, әйел шамамен үш ай бұрын да осы үйде өрт шығарған, бірақ сол кезде жалын сөндірілген. Бұл жайт бойынша полицияға хабар берілмегені хабарланды.

Кенес өрт болған түні әйел үйге кіріп, жанғыш қоспа төгіп, от қойған болуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қолында бейнежазбалар мен куәгерлер бар. Полиция бұл нұсқаны әзірге растаған жоқ: өрттің мән-жайын тергеу анықтап жатыр. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61