ӘЛЕМ

АҚШ Әуе күштерінің бұлтты платформасына хакерлер шабуыл жасады

Кибершабуылдан кейін құпия әскери деректердің жария болып кетуі мүмкін. Оқиғаның қашан болғаны және нақты қандай ақпаратқа қол жеткізілгені әзірге белгісіз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Хакерлер АҚШ Әуе күштерінің бұлтты есептеу платформасына кірген. Шабуыл болғанын растаған дереккөз оның уақыты мен салдары туралы қосымша мәлімет бермеген.

Әуе күштерінің өкілі нақты желілер мен жүйелердің қауіпсіздік жағдайы, осал тұстары мен қазіргі күйі туралы түсініктеме бермейтінін айтты. Оның сөзінше, ведомство ақпаратты, жүйелерді және жедел мүмкіндіктерді қорғау шараларын қабылдап жатыр.

Мекеме бұлтты есептеу мүмкіндіктерін өзгеріп жатқан міндеттерге, қауіпсіздік пен тұрақтылық талаптарына және пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сай бағалап, жаңғыртуды жалғастырып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61