СПОРТ
Қазақстандық пара-пауэрлифтер Манамадағы әлем чемпионатында төртінші рет алтын медаль иеленді. Ол 54 келіге дейінгі салмақта 192 келіні көтеріп, Азия рекордын жаңартты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
30 жастағы Ақмола облысының спортшысы үздік жеке көтеру нәтижесімен ғана емес, үш мүмкіндіктің жалпы қорытындысы бойынша да бірінші орын алды. Дегтярев үш талпыныстың қосындысында 573 келі көтеріп, Қазақстан құрамасына бір күнде екі алтын медаль әкелді.
54 келіге дейінгі салмақта түркиялық Мұхаммет Актүрк 180 келімен екінші, Серкан Чакмаз 176 келімен үшінші болды. Дегтярев бұған дейін 2021, 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанған.
Ол Токио-2020 және Париж-2024 Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп, Қазақстан тарихындағы екі дүркін паралимпиада чемпионы атанған алғашқы спортшы болды. Дегтярев алдағы мақсаты — 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындары екенін айтты.
Бахрейн астанасы Манамада 27 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтіп жатқан жарысқа 41 елден 258 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасында 23 атлет бар: 13 ер адам және 10 әйел. 41 келіге дейінгі салмақта Турсынай Қабыл мен Ариана Кобзарь үздік нәтиже және үш талпыныстың қосындысы бойынша екі алтыннан жеңіп алды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61