ҚОҒАМ
Полиция оқу жылы басталғалы 566 құқық бұзушылықтың жолын кескен. Министрлік студенттерге қатысты зорлық-зомбылық пен қысым көрсету деректеріне жол бермеуге шақырды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Каринаның айтуынша, студенттік жатақханаларға полиция қызметкерлері бекітіліп, кіру-шығу тәртібі қамтамасыз етілген. Университеттерде ішкі қауіпсіздік қызметтері тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Оқу жылының басынан бері 566 құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Оның ішінде 23 ұсақ бұзақылық, тыйым салынған орындарда темекі шегудің 211 дерегі және көші-қон заңнамасын бұзудың 234 дерегі бар. Жыл басынан бері студенттер мен оқытушыларға арналған 207 профилактикалық іс-шара өткізілген.
Карина оқу орындарының басшылығы студенттердің қауіпсіздігіне жауапты екенін айтып, зорлық-зомбылық фактілерін жасыруға және өтініштерді елемеуге болмайтынын атап өтті. Заң бұзған студенттер жауапкершілікке тартылады, ал өрескел құқық бұзушылық болған жағдайда оқу орны оны оқудан шығару мәселесін қарауға құқылы.
Бұл мәлімдеме әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да екі студенттің қаза тапқаны туралы ақпарат тарағаннан кейін жасалды. Бірінші дерек 6 қарашада, екіншісі 16 қарашада хабарланған. Екінші оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Кейін университеттің проректоры мен деканы қызметінен босатылып, Ғылым және жоғары білім министрлігі кешенді тексеру жүргізетінін хабарлады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61