СПОРТ

«Барыс» СКА-ны сырт алаңда 7:4 есебімен жеңді

Астаналық клуб Санкт-Петербургте өткен ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчында есепте ұтылып жатып, жеңіске жетті. «Барыс» қарсыласының қақпасына жеті шайба соқты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Санкт-Петербургте өткен ойында алаң иелері есеп ашқанымен, «Барыс» таразы басын теңестіріп, кездесуді 7:4 есебімен аяқтады.

СКА сапынан Егор Савиков 9-минутта, Василий Глотов 19-минутта, Амир Нугманов 55-минутта және Никита Дишковский 60-минутта шайба соқты.

«Барыс» сапында Тайс Томпсон 10-минутта, Асанали Саркенов 14 және 54-минуттарда, Джейк Масси 27-минутта, Алихан Омирбеков 40-минутта, Самат Данияр 56-минутта және Всеволод Логвин 57-минутта көзге түсті.

Бұл нәтижеден кейін СКА 30 ұпаймен Батыс конференциясында тоғызыншы орында, ал «Барыс» 33 ұпаймен Шығыс конференциясында жетінші орында тұр. Қазақстандық клуб ҚХЛ-дегі келесі матчтарын да сырт алаңда өткізеді: 29 қарашада «Нефтехимикпен», 1 желтоқсанда «Автомобилистпен» кездеседі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61