ӘЛЕМ

Украина Қара теңізде Ресейге бітім жариялауды ұсынды

Киев Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық серіктестердің қатысуымен бітімге келуді ұсынды. Мәскеудің жауабын күтіп отырғанын Украина сыртқы істер министрі мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Қара теңіздегі шиеленісті бәсеңдетуге атсалысып жүрген Үндістан, Түркия және Мысырға алғыс айтып, Киев бітімге дайын екенін жеткізді. Оның сөзінше, ұсыныстың мақсаты — әлемдік нарыққа азық-түлік жеткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сибига Ресей Украинаға мұнай саласына соққы бермеу жөнінде ұсыныс жасағанын айтты. Киев бұл мәселені екі елдің энергетикалық инфрақұрылымына шабуылды тоқтатуды көздейтін кеңірек келісім аясында ғана талқылауға дайын.

Украина билігінің мәліметінше, 26 қарашада Ресейдің ұшқышсыз аппараттары Одесса жағалауындағы Қара теңізде астық тасымалдаған екі шетелдік жүк кемесіне шабуыл жасаған. Қараша басында Украина Абу-Дабиде өткен үшжақты келіссөздерде Қара теңіз бен энергетика саласында атысты тоқтату бастамаларын ұсынған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61