ҚОҒАМ

Атырау мектебінің дәретханасына камера орнатылғаны анықталды

Облыстық прокуратураның мәліметінше, камералар салдарынан мектептің 1 400-ден астам оқушысының жеке өміріне қол сұғылған. Өңірдегі тексеру балалардың дербес деректеріне қатысты өзге де заңбұзушылықтарды анықтады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Прокуратура камера орнату жағдайын өрескел заңбұзушылық деп атап, дәретханадағы бейнебақылау балалардың эмоциялық жай-күйіне әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Ведомство мектептің атауын, камералардың қанша уақыт жұмыс істегенін және жазбаларға кімдердің қол жеткізгенін жарияламады.

Махамбет ауданындағы З. Ещанов атындағы балалар өнер мектебі 400-ден астам баланың дербес деректерін шетелдік цифрлық платформаға орналастырған. Ал Жылыой ауданындағы №6 мектепте 2 мыңнан астам оқушының мәліметі ата-анасының келісімінсіз сабаққа қатысуды есепке алу бағдарламасына енгізілген.

Прокуратура дерегінше, Атырау облысында анықталған заңбұзушылықтар барлығы 4 мыңнан астам балаға қатысты. Қадағалау актілерінен кейін бұзылған құқықтар қалпына келтіріліп, кінәлілер жауапқа тартылған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61