ӘЛЕМ

«Вояджер-1» Жерге ғылыми деректер жіберуді тоқтатты

NASA аппараты Жермен байланыс орнатқанымен, ғылыми және техникалық ақпарат орнына тек бос радиосигнал қабылданғанын хабарлады. Ақаудың себебін мамандар анықтап жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Дерек жіберу 14 қарашада, зонд Жерден бір жарық күндік қашықтыққа алғаш рет жетерден бірнеше күн бұрын тоқтаған. NASA-ның Канберрадағы терең ғарыштық байланыс желісінің антеннасы аппараттан тасымалдаушы сигнал қабылдаған, бірақ оның ішінде дерек болмаған.

Тасымалдаушы сигналдың болуы бағдарлау мен басқаруға жауапты компьютердің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді: аппараттың антеннасы Жерге бағытталған, ал антенна мен таратқыш жабдығы жарамды. Мәселе аппараттың қосалқы жүйелерінен ақпарат жинап, оны Жерге жіберуге лайықты пішімге айналдыратын борттық компьютерде болуы мүмкін. Мамандар қазіргі ақаудың қазандағы байланыс үзілуімен байланысы бар-жоғын да тексеріп жатыр. Ол кезде байланыс шамамен 48 сағатқа жоғалып, кейін өздігінен қалпына келген.

«Вояджер-1» 1977 жылғы қыркүйекте Юпитер мен Сатурнды зерттеу үшін ұшырылған. Миссиясы бес жылға жоспарланғанымен, аппарат әлдеқайда ұзақ жұмыс істеді. Энергияны үнемдеу үшін ғылыми құралдардың көбі өшіріліп, он құралдың екеуі ғана жұмыс істеп тұр. 2012 жылы зонд гелиосфера шекарасынан өтіп, жұлдызаралық кеңістікке шыққан алғашқы аппарат болды.

Қазір ол сағатына шамамен 61 мың шақырым жылдамдықпен Кіші Аю шоқжұлдызындағы Глизе 445 жұлдызына қарай ұшып барады. Жұлдыз Жерден шамамен 17 жарық жылы қашықта орналасқан. Аппаратпен байланыс 2036 жылы үзіледі деп күтілуде.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61