ӘЛЕМ

АҚШ Иранға қатысты блокаданы бұзбақ болған кемеге соққы жасады

Оман шығанағында Palau туымен жүрген Pacific Archer құрғақ жүк кемесінің қозғалтқышы істен шығарылды. Оқиға кезінде азаматтық экипаж зардап шеккен жоқ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, кеме 26 қарашада Бендер-Аббас портынан шыққаннан кейін аймақтағы су жолымен өтуге тырысқан. Экипаж бірнеше рет берілген ескертулерге қарамастан теңіз блокадасын бұзбақ болған.

АҚШ әскери ұшағы кеменің артқы бөлігіне дәл соққы жасап, қозғалтқышын істен шығарды. Қолбасшылық блокаданың орындалуын жалғастырып жатқанын хабарлады: америкалық күштер 158 коммерциялық кеменің бағытын өзгертіп, бағынудан бас тартқан тағы алты кемені істен шығарған. CENTCOM оқиғаға қатысты бейнежазба да жариялады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61