ҚОҒАМ
«Самғау» мекемесі 300 балаға есептелген, қазір онда 168 тәрбиеленуші бар. Жобаның құны 7,8 миллиард теңгені құрады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ақтөбе облысының әкімдігі мәліметінше, екі қабатты кешен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған. Құрылыс 2025 жылы басталып, 2026 жылғы қарашада аяқталды. Нысанның жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады.
Есет батыр тұрғын алабында орналасқан балабақша 24 топқа арналған және алты функционалдық блоктан тұрады. Мұнда тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті және сөйлеуінде бұзылыстары бар, сондай-ақ интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар балаларға жағдай жасалған. Мекемеде логопед, сенсорлық-тынығу және Монтессори кабинеттері, бассейн, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер қарастырылған.
Балалармен арнайы педагогтер, дефектологтер, логопедтер, психологтер мен тәрбиешілер жұмыс істейді. Медициналық сүйемелдеуге невропатолог пен психиатр мамандары қарастырылған. Балабақшаның штатында 202 қызметкер бар.
Облыстық білім басқармасының дерегінше, өңірде мамандандырылған мектепке дейінгі ұйымдардан орын күтіп жүрген 743 бала бар, оның 740-ы Ақтөбеде тұрады. «Самғауға» қазір 168 бала қабылданған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61