СПОРТ
Теннисшінің бапкері Стефано Вуков келесі маусымда ойын жүктемесін азайтып, денсаулықты сақтауға басымдық беретіндерін айтты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Стефано Вуковтың сөзінше, Елена Рыбакинаның денсаулығы жақсарған. Маусым соңында денсаулығына байланысты бірқатар жарысқа, соның ішінде WTA қорытынды турниріне қатыса алмаған теннисшіге қалпына келу үшін уақыт қажет болған.
Бапкер теннис күнтізбесін «сұмдық» деп атап, әлемдік тур ұйымдастырушылары бұл бағыттағы жұмысты жақсартуы керек екенін айтты. Оның пікірінше, күрделі кесте мен ұзақ сапарлар спортшылардың жағдайына әсер етуі мүмкін.
Вуков келесі маусымда айыппұл салынса да, Рыбакинаның жарыстар санын қысқартуға тырысатындарын жеткізді. Команда «Үлкен дулыға» турнирлері мен WTA 1000 жарыстарына басымдық бермек. Рыбакина бұған дейін Алматыдағы баспасөз мәслихатында да келесі маусымның күнтізбесін жоспарлағанда денсаулықты ескеретінін айтқан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61