ҚОҒАМ

Алматыдағы Саин көшесінде бірнеше көлік соқтығысып, адамды қағып кетті

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына Hongqi, Hyundai Tucson, Audi және Hyundai Sonata көліктері қатысқан. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Hongqi мен Hyundai Tucson көліктері Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізушілердің айтуынша, Changan көлігі жолда кедергі туғызып, олар көліктерін тексеру үшін тоқтаған.

Осы кезде оқиға орнына Audi мен Hyundai Sonata жақындаған. Audi жүргізушісі алдағы кедергіні байқап, тежегіш басқан. Оның артындағы Hyundai Sonata Audi көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Audi алға қарай ұшып, жол бөлігінде тұрған Hyundai Tucson жүргізушісін қағып кеткен.

Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Жаппай жол апатының мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61