Экономика
1 маусымнан бастап мектепалды мекеме, колледж, жоғарғы оқу орындары қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
Білім саласындағы басшылық, негізгі, қосымша және техникалық қызметкерлердің жалақысы өсетін болады, - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.
Министрліктің жалпы отырысында педагог қызметкерлердің жалақысының көтерілуі туралы сөз болды.
"Республикалық бюджеттен 2019 жылы 109 миллиард теңге білім саласына бөлінеді. Болашақта бұл қаражат мөлшері 234 миллиард теңгеге жетеді. Сондықтан жалақы мөлшері де өсетін болады. Жалақы республиканың барлық өңірі бойынша бір уақытта көтеріледі. Білім саласында жарты миллион қызметкердің, соның ішінде 300 мыңнан аса педагогтың жалақасы артады", - дейді министрлік өкілдері.
Мұғалімдердің ерекше еңбегі үшін де қосымша ақы төлеу қарастырылмақ. Мәселен, сынып жетекшілік үшін, дәптер тексеру мен жазбаша жұмыс, жаңартылған бағдарлама мен педагогтық шеберлік квалификациясы үшін қосымша ақы төленеді.
1 маусымнан бастап мектепалды мекеме, колледж, жоғарғы оқу орындары қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі.