ӘЛЕМ
Мо-Бье ауылындағы тойға және Магвей аймағындағы мектепке жасалған соққылардан кемінде 41 адам көз жұмған. Ракхайн провинциясындағы Мраук-У қаласында да тұрғындар әуе шабуылына ұшырады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Құтқарушылардың мәліметінше, сенбі күні түстен кейін Шан провинциясының оңтүстігіндегі Мо-Бье ауылында үйлену тойы өтіп жатқан жерге соққы жасалған. Кемінде 21 адам қаза тауып, кемінде 35 адам жараланды.
Мьянманың қуғындағы Ұлттық бірлік үкіметінің хабарлауынша, бейсенбіде Магвей аймағындағы Ин-Йон ауылындағы мектепке жасалған әуе соққысынан кемінде 20 бейбіт тұрғын мерт болған. Қаза тапқандар арасында оқушылар, жас монахтар мен мұғалімдер бар.
Сенбі күні кешке әскерилер Ракхайн провинциясындағы Мраук-У қаласына да соққы жасады. Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:00-де тұрғын аудан әуеден атқыланып, қолда бар мәлімет бойынша, 10-нан астам адам қаза тауып, 20-ға жуығы жараланған. Бұл аумақты әскери режимге қарсы күресіп жүрген ең қуатты этникалық қарулы топтардың бірі — Аракан армиясы бақылауда ұстайды.
Мьянмадағы әскери хунта соққыларға қатысты пікір білдірмеді. 2021 жылғы төңкерістен кейін елде азаматтық соғыс жалғасып келеді, ал бүкіл ел бойынша әуе шабуылдары дерлік күн сайын жасалады.
Соңғы соққылар БҰҰ-ның Халықаралық қылмыстық соты рохинджа азшылығына қатысты геноцид жасалды деп Мьянманы кінәлі деп танығаннан бір апта өткен соң болды. 2017 жылғы әскери операциялар кезінде мыңдаған адам қаза тауып, 700 мыңнан астам адам қашуға мәжбүр болған. Мьянма геноцид жасалғанын жоққа шығарып, әскер қарулы топтардың шабуылдарына жауап бергенін мәлімдеген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61