Weekend
Азиз Санджар
Түрік-американдық көрнекті биохимик ғалым, Солтүстік Каролина университетінің профессоры Азиз Санджар биохимия саласынан Нобель сыйлығын 2015 жылы иеленді.
Түрік халықтарынан шыққан тұңғыш Нобель сыйлығының иегері Азиз Санджар қазіргі таңда Түркиядағы ең танымал, әрі сыйлы адамдардың қатарына жатады. Ол Нобель сыйлығын АҚШ-та 40 жыл тыңбай істеген еңбегінің арқасында алды.
Оның негізгі жұмыстары рак клеткаларының дамуы және темекі тартатын адамдардағы рак ауруларының пайда болуы тұрғысында жасалынған.
Ол 1969 жылы Стамбул университетін аяқтап, 1971 жылы АҚШ-на қоныс аударады. Осы жетістікке жету барысында зерттеу жұмыстарына жылына 500 000$ жұмсаған екен.