Weekend

«Түркістан» анимациялық фильмі жарыққа шықты.

JAS TÚRKISTAN - 2019

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан қаласында өткен "JAS TÚRKISTAN - 2019" республикалық балалар шығармашылық марафоны аясында жас ұрпақты тәрбиелеу жолында елеулі іс атқарып жүрген «Сақ» киностудиясының тағы бір төл туындысы «Түркістан» анимациялық фильмі көрермендерге жол тартты. Атаулы туынды жас ұрпақтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін оятып, тарихқа деген құрметін қалыптастыруға арналған.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен түсірілген фильмнің форматы 2 D,алұзақтығы 25 минут.Жасөспірімдергебазарлық ретінде ұсынылған туындының режиссері және бас суретшісі - Азамат Ерназаров,  сценарий авторы - Бақытжан Құлжабаев болса, әуенмен әрлеген - Әйтеке Көптілеу.

Тұсаукесерде сөз алған «Сақ» киностудиясының директоры Нұриддин Пәттеев «Анимацияда 18 жылдық тәжірибесі бар шығармашылық топ 60-қа жуық қысқаметражды мультфильм мен бірнеше деректі және көркем фильм шығарып үлгерді. Кәсіби деңгейдегі режиссерлер, аниматорлар және суретшілерден құралған ұжымның шығармашылығы Қазақстан және шетелде кеңінен танылып, өз бағасын алуда. «САҚ» киностудиясы анимация саласын дамытумен қатар, балалардың көзқарасын дұрыс қалыптастыруды, отансүйгіштік, адамгершілік, адалдық және достық секілді қасиеттерді насихаттап, оларды ұрпақ санасына сіңіруді басты мақсат санайды», деп атап өтті.

Аталған фильм желісіне Жалғас есімді жастыңерлігі арқау болады. Оқиға барысында Жалғас Отанынажәнееліне деген парызын сезіне отырып, жаудың теріс пиғылына  қарсы тұрады. Бала батыр осылай Түркістанда өтетін Қазақ құрылтайындағы қастандықтың алдын алып, Тәуке ханның өмірінсақтапқалады.Аталғананимациялық фильм көрерменді қызықты оқиғалармен баурап, адами тәрбиеге, әр адамның қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге үндейді.

Атап өтсек, «Түркістан» анимациялық фильмінің презентациясы өткен "JAS TÚRKISTAN - 2019"республикалық балалар шығармашылық марафоныоблыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтуде.Аталған шараға еліміздегі танымал балалар басылымдарының өкілдері, ақын-жазушылар, анимация саласының мамандары арнайы келген болатын.