Weekend
Туризм
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚР Премьер-министрі А.Маминнің 2019 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасы бойынша және ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сәйкес, туристер көп баратын облыстарда туристік полиция құру жөніндегі жол картасын бекітілген болатын.
Осыған орай, Түркістан облысы Полиция департаментінің негізінде көші-қон полициясы басқармасының жанынан өңірде жаңа – туристік полиция бөлімі құрылды. Оны құрудағы мақсат – Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін арттыру, аймаққа келген шетел азаматтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оларды толғандырған кез-келген сұрағы бойынша ақыл-кеңес беру, келеңсіз жағдайлар орын алған жағдайда көмек көрсету. Қазіргі таңда Түркістан облысы Полиция департаментінің туристік бөлімшесі 10 қызметкерден тұрады, оның 5-і Қ.А.Яссауи кесенесін аумағында болса, қалған 5-і Отырар ауданы Полиция бөліміне, яғни Арыстан баб мавзолейіне берілді. Әрбір обьектіде модульдік түрдегі стационарлық бекеттер орналастырылды. Мамандар болса бейнетіркегіштермен, планшеттермен, рациялармен жабдықталған.
Түркістандық туристік полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби және қызметтік қасиеттері жоғары болуымен қатар, туристермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше тілді меңгерген мамандар. Сондай-ақ, туристерге туындаған мәселелерін шешу үшін өзге құрылымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуде қызмет жасауға дайын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61