Спорт

Зидан өз ұлының «Реалдың» екінші қақпашысы болғанын қалайды

Әкелік сезімге бой алдырған ба, әлде кәсіби тұрғыдан осылай шешті ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан 2019/2020 маусымында кімнің қосалқы қақпашы болатыны туралы мәселеде клуб басшылығымен келіспей отыр.

Marca басылымының мәліметінше, жазда "Реал" костарикалық қақпашы Кейлор Наваспен қош айтыспақ. Басшылық оның орнын украиналық Андрей Лунин басқанын қалайды, алайда Зиданның өз ойлағаны бар. Француз Тибо Куртуаның алмастырушысы болып ұлы Люка болғанын қалайды.

Айта кетейік, 21 жастағы Люка Зидан осы жылғы Примерада бір ойын өткізді. Ол "Уэска" командасымен болған ойында өз қақпасына екі гол жіберіп алды. 20 жастағы Андрей Лунин 2018/19 жылғы маусымды "Леганес" сапында өткізді. Ол Примерада төрт рет алаңға шығып, бір ойында ғана қақпасына гол өткізбеді.