Спорт

Касильяс мансабын инфаркт үшін аяқтайды

Денсаулықпен ойнауға болмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Порту" қақпашысы Икер Касильяс футболшы мансабын аяқтамақшы. Оған себеп, алдындағы жүрек ұстамасы болып тұр.

"Порту" қақпашыға клуб жүйесінде қызмет етуді ұсынып, оны алмастыратын қақпашы іздеуде, – деп хабарлайды The Independent. Жуырда 37 жастағы Касильяс өткір миокард инфарктына ұшырап, ауруханаға жеткізілген болатын.

Айта кетейік, Касильяс 2015 жылдан бастап "Порту" сапындай ойнайды. Бұған дейін ол 17 жыл мадридтік "Реалдың" қақпасын қорғаған.