Weekend
Таксиді өзге де сынақтар күтіп тұр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comНеміс стартапы Lilium бесорынды автономды ұшатын таксидің прототипін көрсетті. Компания бұл құрылғыны әлемде құрастырылған осындай бірінші құрылғы деп отыр.
Компания өкілінің сөзінше, жақында прототип алғашқы сынақтан өтті: өздігімен ұшып, ауада қалықтап қонған. Электроэнергиямен қуаттанатын аппарат сағатына 300 шақырымды жүріп өте алады. Өзге де компаниялар осы тектес аппараттарды сынақтан өткізген болатын, алайда олардың бір де біреуі екі адамнан көп сыйғыза алмайды.
Lilium-нің атқарушы директоры және негізін қалаушылардың бірі Дэниел Виганд былай деді: "Біз әрқашан адам санын екіден беске ұлғайтуды көздедік, ол аспанды көп саяхаттанушыларға көруге мүмкіндік береді".
Ұшатын таксидің 36 электромоторы бар, солардың көмегімен тікелей ұшып, тікелей қона алады. Компанияның мәліметінше, бір қуат алу бір сағат ұшу үшін жетеді. Ендігі кезекте бұл таксиді өзге де сынақтар күтіп тұр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61