Саясат
Жаңа әуе кемесі жаңа технологияға негізделген
АҚШ әскері теңіздегі қақтығыстардың жүргізілуіне жаңа, яғни стандартты емес тәсілді қабылдауға шешім шығарды. Бесінші ретті F-35B Lightning II ұшағынан қару-жарақты алып, оның орнына жаңа технологияға негізделген жүйені енгізгісі келеді.
Аталған әуе кемесі - озық дамуға мүмкіндік береді. Ол қысқа уақыт аралығында көздеген жеріне жылдам жетеді және тік қонуға мүмкіндігі бар. "Отызбестіктер" Link 16 DAC функциясымен жабдықталған, ол десанттық кеме, авианосецке деректер мен маңызды ақпараттарды бірден жеткізіп отыруға бейімделген. Бұл жүйе нысандарды қадағалауға және объектінің жай-күйі туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға мүмкіндік береді – сонымен қатар қандай қару-жарақтың бар екенін, жанармай багында қанша отын қалғанын біле алады.
Осының арқасында F-35B әуе кемесін көпшілік аңғара бермейді. Бұл әуе кемесіне тек барлау жүргізу жеткілікті, ал басқа ұшақтар мен кемелер келіп жеткен ақпарат негізінде соққы береді. Сондықтан қаруды әуе кемесінен алып тастауға болады. Ол жауды бақылауға жеңіл әрі тиімді, маневрлік және көзге көрінбейтін болады.
Қазіргі уақытта АҚШ-тағы BBC F-35B әуе кемесіне белсенді сынақ жүргізіп, болашақта оны соғыс қаруы ретінде қолдануға бел буып отыр. Бірақ Пентагон жаңа үлгідегі әуе кемесіне толығымен сену мүмкін емес. Себебі АҚШ-тың теңіз корпусының жауынгері сынақ барысында Оңтүстік Каролина штатында апатқа ұшырады.