Саясат

Кореяда жұмыс істеп 2 этажды үй соққан қазақ жігіті

Біреудің еңбегін жегенім үшін інім 5 саусағынан айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзіңіз жайында айта кетсеңіз?

Мен Шымкенттің тумасымын, есімім – «А». 15 жасымнан бастап Шымкенттегі «С» базарында аяқ киім сатып, саудамен айналыстым. Тірлігім дұрыс жүрмей, мыңдаған доллар қарызға кіріп кеттім. Бірнеше уақыт жұмыссыз жүрген соң, таныстарымнан Оңтүстік Кореяға адамдардың жұмысқа кетіп жатқанын естідім. Шетелге шығатын паспорт істетіп, Ресей арқылы, кемемен 2014 жылы Кореяға кіріп келдім. Мені саяхаттап жүрген деп ойласа керек, еш тексерусіз кіргізіп жіберді. Мен келген уақыт қыс кезі болғандықтан, қатты қиналдым, жұмыс жоқ, не корейше, не ағылшынша сөйлей алмайм. Көктем шыға салысымен «АРБАЙТ» (жұмыс беретін орталықтарды осылай айтады) деп аталатын жерге барып жұмысқа кірдім. Кез келген жұмысты істеп, біраз ақша жинадым. 3 айдың ішінде Корей тілін меңгеріп алып, еш қиындықсыз сөйлесе бастадым. Менің жақсы ақша тауып отқанымды естіген достарым, маған хабарласа бастады. Басында біразын тегін шақырып жүргеніммен, кейін өзім үстінен ақша көре бастадым. Жаңадан келгендер тілді дұрыс білмегендіктен, жұмыс берушілермен сөйлесе алмайды.

Адамдар қатты көбейгені сонша, кейін жеке өзімнің компаниямды ашып алып, сол арқылы жұмыс жасадым, жалданып жұмысқа шығуды қойдым. Сол елдегі кейбір фирмалар арқылы елдің тендеріне қатысып, үлкен ақшаларды айналдырдым. Өзім жаңа машина сатып алып, «документсіз» айдап жүрдім, себебі, Кореяда ереже бұзбасан, сені ешкім тоқтатпайды.

Келгеніме 1 жыл толғанда өзімнің туған інімді жаныма шақырып алып, жұмысқа тұрғыздым. Кейбір кездерде қазақ балдары үстінен ақша көретінімді біліп қойып, маған реніштерін білдіріп жүрді. 2 жыл өткен соң інім қолайсыз жағдайда тап болып, 5 саусағынан айырылды. Осы оқиғадан соң, тәубама келіп, есімді жинадым. Ойланып қарасам, біреудің еңбегін жеп, қарғысын алғаным, інім арқылы шыққан екен.

Қазірде жұмыс істеген 3 жыл ішінде Шымқаладан 2 этажды үй соғып, өз бизнесімді өркендетіп алдым. Сол 3 жыл ішінде әр ай сайын үйге ең кемінде 2-3 мың доллар ақша жіберіп тұрдым.

- Қайтадан баратын ойыңыз жоқ па?

- Инчеон аэропортында штелдік паспортқа «Депорт» ұрып берді, ол дегеніміз енді маған ол елген өмір бойына есік жабық дегенді білдіреді.

- Кореяға барғысы кеп жүргендерге не айтасыз?

- Қазіргі таңда Солтүстік Кореяның шекарасы ашылуына байланысты, арзан жұмыс күші көптеп кіріп жатыр, сондықтан жұмыс табу өте үлкен мәселе болуы мүмкін. Сонымен қатар, барып-келу билеті 1 мың доллардан кем емес. Ешкімге баруды ұсынбас едім, тексеріс күшейіп кеткен, себебі заңсыз жұмысшылар мемлекетке салық төлемейді.

- Әңгімеңізге рақмет.

 

Кейбір ақпараттарға өзгерістер енгізілді.