Саясат

Зеленскийге қауіп төніп тұр

Қандай қауіп?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зеленскийдің реформалары қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Мәскеуде өткен прес-конференцияда танымал саясаткер Ростивлав Ищенко "ПолитНавигатор" басылымына берген сұқбатында айтты. 

«Жаңадан сайланған призидент экс-президенттер жүрген жолмен жүреді немесе олигархтар тарапынан қысым болуы мүмкін. Екінші президент Леонид Кучма және Виктор Ющенко күніне 10-14 сағат жұмыс істеген, ал Владимир Зеленскийдің жұмыс істеу қабілеті қаншалықты екенін уақыт көрсетеді» – деді саясаткер.

«Украинада осы уақытқа дейін екі президент басқарғанымен, негізгі саяси режим өзгермеді. Себебі, президенттік постқа келген адам олигархтардан құралған кеңестің шешіміне құлақ асады. Арнайы жасалған келісім-шарттан шыққан президент 1801 жылғы 24 наурызда болған Павл І императорының кейпін кешеді» – деді.

Павл І Санкт-Петербургта өз сарайында түнде белгісіз жағдайда қаза тапқан болатын.

«Украинадағы олигархтардың салған схемасы 30 жылдан бері мінсіз жұмыс істеп келеді. Менің ойымша Зеленскийге осы жолға түсуден басқа таңдау жоқ», – деп Ростислав Ищенко сенімді түрде айтты.