Саясат

Марғұлан Сейсембай: Демократияны қорғау алаңда емес, сайлау учаскесiнен басталады

Сiз таңдау жасадыңыз дейiк. Ол жеткiлiктi ме? ЖОҚ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ең басты мәселе, ол кiмнiң қалай сайлағанында емес, кiмнiң қалай санағанында.

Сiз дауысыңызды Тоқаевқа берсеңiз де, Қосановқа берсеңiз де, ия болмаса бойкоттасаңыз да (заңдылық жағынан да) - дауысты беру үрдiсi мен дауысты санау – ең маңызды сәт! 
Сiздiң ел алдындағы және келешек ұрпақ алдындағы борышыңыз – сайлау әдiлдiгiн қорғау! Мен сайлауға бардым, дауысымды бердiм деген нәрсе болмайды. Дауыс беру мен дауыс санау үрдісiн салыстыратын болсақ – дауыс бергеннен гөрі бақылау және дауыс санау әлдеқайда маңызды. Демократияны қорғау алаңда емес, сайлау учаскесiнен басталады.

Не iстеу керек?
Ол үшiн осы екi нәрсенiң бiреуiн iстеу керек. 
Бiрiншiден, әр учаскiде неғұрлым көп бақылаушы болса соғұрлым жақсы. Ол үшiн кез келген үмiткердiң штабынан немесе тәуелсiз бақылаушы ретiнде тiркелiңіз. Комиссия мүшелерi қол қойып, санақ протоколын жапқанша дауыс беру үрдiсi мен дауыс санау сәттерін бақылап, телефоныңызға түсiре беріңіз. 
Егер сiз бақылаушы болмасаңыз, онда дауыс берген соң үйге (қайтып) кетпей сол учаскені бақылап, өтiп жатқан сайлауды телефонға түсiруді жалғастырыңыз.

Достар, бiзге (қоғамға) сайлаудың бiр күнi келешек бес жылға тең. Сондықтан, кiмге дауыс берсеңiз де, бойкоттасаңыз да, бiр күнiңiздi қиыңыз. Сайлау барысын бақылау – елiмiздiң тағдырын шешумен бiрдей (екенін ұмытпаңыз)!

Марғұлан Сейсембай