Weekend

Жапон қызына үйленген қазақ жігіті: әйелім бөлмелесім болды

Жапонияда адамдар өмір сүрмейді, олар тіршілік үшін күреседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Токио – армандар мекені. Кагуразака көшесі бойымен жоғары көтеріліп бара жатқанымда жапон тілінде сойлеп, қолындағы дәмхананың жарнамалық парақшаларын таратып тұрған қазақ жігітіне көзім түсті. Осы көше бойында ең танымал ресторандар шоғырланған. Алғашында сенімсіздікпен басқа ұлт өкілі болуы мүмкін деп ағылшынша сөйледім. Сөйлесе келе Жетісайдың жігіті екенін білдім. Қазақстанда жүргенде қал сұраспай өтетін адам, мен үшін бауырымнан да жақындай көрінді, құшақтасып, шүйіркелесіп қалдық. Есімі Серік екен, әйелі – жапон қызы Риа. Серік әңгімесін бастап кетті.

– «2015 жылы жапон тіліне деген қызығушылығым артып, бір оқу орталығы арқылы 6 айлық курсқа Токиоға келдім. Xross деген компаниясы арқылы пәтер жалдап, екі адам болып бір бөлмеде тұрдық. Компания менеджерлерінен қасымда кім тұрады деп сұрағанымда, олар 25 жастағы жапондық жігіт деп жауап берді. Мен келген күні екінші төсек бос болды. Келгеніме 3 күн болғанда кіре берісте қыздың аяқ киімдерінің тұрғанын көрдім, жүрегім бірдеңеніі сезгендей болды. Есікті ашып кіріп келгенімде тал бойында бір мін жоқ, сұңғақша келген, шаштары қалын ормандай, аққудың баласындай үлбіреген жапон қызының «Hi» дегенін естідім. Махаббат шырбалаңы осылай басталды. Екеуміз 12 шаршы метрлік бөлмедегі 6 ай бірге өмір сүрдік. Енді ары қарай не болғанын егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын» –деп күліп алды.

– Қалай үйлену туралы шешім қабылдадыңыз? Үйдегілер қарсы болған жоқ па?

– Елге оралардан 3 күн бұрын үйленгім келетінін айтып, 3 айдан соң үйлендік. Үйдегілер жақсы қабылдады. Қазір Токионың сырт жағында пәтер жалдап тұрамыз. Риа туристік компанияда, ал мен мейрамханада аспазшы болып жұмыс істеймін. Мейрамханада адамдар аз кезде аспазшылар осылай кезекпен көшеге шығып, жарнамалық парақшаларды таратып тұрамыз. Сонымен қатар, аптасына 3 рет жапон тілінің курсына барамын.

– Бірге тұру қиын емес пе? Қанша дегенмен басқа салт-дәстүр...

– Ең бастысы – махаббат.

– Жапондар сізді қалай қабылдады?

– Токиода жапон тілін білмесен, аш қалдым деп ойлай бер. Жұмыста адамдар 24 сағат отыруға да дайын. Кейбір адамдар 3-4 жерде жұмыс істеп, келесі жұмысына бара жатқанда метрода демалып алады. Артық істеген жұмысын үшін ақша төленбейді. Орташа айлық 2 мың долларға жуық. Жапондар басқа ұлт өкілін ешқашан жапон ретін қабылдап, жақын тартпайды және өзге ұлт алдында сырын ашпайды.

Осы уақыттан бастап Серік екеуміз дос болып кеттік, үйіне қонаққа шақырды. Жақын күндері елге оралатын ойы жоқ екенін айтты. «Әйелім қалай нан тауып жейді Қазақстанда?» – деп күлді.


 

Серік пен Риа танысқан бөлме