Саясат
Қаржы министрі Қазақстанда тағы екі қалаға мегаполис мәртебесі берілетінін айтты
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген Әлихан Смайыловтың сөзінше, мегаполис деңгейіне көтерілетін қалалар Қарағанды мен Ақтөбе.
"Аталған қалаларға халық көптеп көшіп жатыр. Адамдар өз еркімен келуде. Себебі қалада барлық жағдай бар, білім алуға болады. Енді, әзірше нақты уақыт белгіленбеген. Дегенмен, үкімет тиісті жұмысты бастап кетті", - деді ол.
Айтуынша, үкімет Қарағанды мен Ақтөбенің инвестициялық климатын жақсартуға, қала құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға күш салып жатыр.