Спорт
Венсан Компани "Манчестер Ситиден" кетеді
"Манчестер Сити" бельгиялық қорғаушы және команда капитаны Венсан Компанидің кететіні туралы мәлімдеді.
"Ол он жыл бойы клубтың мәнін анықтаған ойыншы. Дарынды команданың өмірлік күші, жаны және соққан жүрегі болды. Алдағы ұрпақтар "Ситидің" бұл ерекше жетістігі жайлы сөйлеген кезде, оны әрқашан еске алып, құрмет тұтатын болады. Оның көшбасшылық қасиеттері, ақыл-ойы мен табандылығы, әртүрлі төрт бапкердің қол астында бейімделугі және ауыр жарақаттарды еңсеруге мүмкіндік берді. Ол ерекше, ол клубтың оған қойған барлық талаптарына сай болды", – деген президент Халдун Аль-Мубарактың сөзін "Ситидің" ресми сайты келтіреді.
"Қалай қиын болса да кететін уақыт болды. Мен алғыстан өзге сезімді сезіп жатқаным жоқ. Осы ерекше клубта мені қолдаған баршасына алғыс білдіремін. Менің бұл жердегі алғашқы күнім, соңғы күнім секілді есімде. Манчестердегі адамдардың маған көрсеткен шексіз жақсылығы менің есімде. "Ман Сити" жанкүйерлерінің жақсы күндері де, жаман күндері де маған адалдық танытқанын ешқашан ұмытпаймын. Барлық қиындықтарға қарамастан әрқашан мені қолдап, ешқашан шегінбеу үшін жігер бердіңіздер. Шейх Мансур менің өмірімді және "Ситидің" әлемдегі барлық жанкүйерлерінің өмірін өзгертті. Осы үшін мен оған алғыс білдіремін. Көк әскер ұлғайып, қалыптасқан нәрселер тәртібіне қарсы шықты. Мен мұны таңғаларлық деп білемін", – деді Компани өз сөзінде.
Айта кетейік, Компани "Сити" сапында Компани төрт рет Англия біріншілігін жеңіп, екі реттен Кубок және Суперкубок иегері атанды. 2008 жылға дейін ол "Андерлехт" пен "Гамбург" сапында ойнап үлгерген.