Weekend

20 мамыр: Ауа райы қандай болады?

Ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

20 мамырда еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, тек батыс пен оңтүстік-батыста күн ашық болады. Республиканың кей аймақтарында найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

“Қазгидромет” РМК мамандарының болжамына қарағанда Алматы облысында найзағай ойнайды, Жалаңашкөл көлі ауданында 17-22 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында найзағай ойнайды, дауыл тұрады, жел 25 м/с-ке дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, Қарағанды облысында тұман түседі.

Қызылорда облысында найзағай ойнап, дауыл мен шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысында найзағай ойнайды, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Ақмола облысында найзағай ойнайды, тұман түседі, жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады, Жамбыл облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, 18 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысында 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында 1-3 градус үсік болады. Қызылорда, Түркістан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді. Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматыға іргелес аумақтарда өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.