Weekend

49 жастағы Голливуд жұлдызы мектеп аттестатын алды

Мэттью Макконахи мектепті енді бітірді ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

49 жастағы голливудтік актер Мэттью Макконахи өзінің мектеп бітіргеніне 31 жыл толғанда мектеп аттестатын алды. Бұл туралы Longview News-Journal хабарлайды. 

Макконахи өзі оқыған мектепке 17 мамырда барыпты. Оқу бітіргені туралы құжатты алғаннан кейін, оқушылармен сөйлесіпті. Актердің сөзінше, оның жетістікке жетуі қашанда жүрек қалауымен жүргендігімен байланысты.

Басылымның мәліметінше, мектеп бітіруші түлектер, ресми іс-шара кезінде аттестаттың мұқабасын ғана алып, ішіндегі құжаттарды кейін алады екен. Макконахи 1988 жылы мектеп бітіріп, содан бері құжатын алуға келмеген.

Мэттью Макконахи 1969 жылы Техас штатындағы Ювалде қаласында дүниеге келген. 1991 жылы актерлік мансабын бастаған. "Далластық сатып алушылар клубы", "Интерстеллар", "Джонстың еркін штаты" және өзге де киноларда түскен. Қазірге дейін 60 тан аса фильмге түсіп үлгерген. Оскар сыйлығының иегері.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61