Спорт
Қызық енді басталған секілді
Қазақстан премьер-лигасының 11 тур ойынында "Астана" футболшылары өз алаңында қарағандылық "Шахтерға" есе жіберді.
Ойынның 34 минутында Роман Муртазаевтің голынан кейін "Астана" алға шықты. Алайда 78 минутта Марат Шахметов пенальтиден есепті теңестірсе, 87 минутта Иван Пешичтің пасынан кейін Сергей Зенев қарағандылықтарға жеңіс әкелді.
"Астана" ойыншылары үшін, бұл ұлттық біріншіліктегі үшінші жеңіліс болды. Елордалық команда 28 ұпаймен көш бастап келеді. "Қайсар" мен "Тобыл" 23 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. "Шахтер" болса, 17 ұпаймен жетінші орында.