Weekend
Сериалдың саундтрегі қалай жазылды?
13 жасынан бастап қолына гитара алған Рамин Джавади музыка әлеміне етене еніп, оның қыр-сырын меңгере бастады. Әр күн сайын дайындық жасау арқылы жетістікке жетудің кілтін тапты.
«Тақтар ойыны» сериалына саундтрег жазу арқылы, сериалдың сюжетіне деген махаббаттан болашақта кім болатынын анықтады. Ол фильмге саундтрег жазатын композитор ретінде өзін көре бастады.
««Тақтар ойыны» сериалына жазылған саундтрек арқылы біз диалогсыз да, музыка арқылы адамның ойын шатыстырып, оны өзі түсінбейтін тұңғиыққа бастаймыз. Бұл музыканың құдіреті. Белгілі бір ноталарды ойнату арқылы, әр тақырыпқа сай әуен жаза отырып, біз тарихты әуенмен әрлей аламыз. Ең бастысы сюжеттің әуені арқылы сол оқиғаның төбесінен түсу керек. Осы әуен ойнай бастағаннан-ақ адамдар «Тақтар ойынын» бірден еске алуы керек»,-дейді композитор.
Сериалдың алғашқы кезеңдерінде жекелеген тақырыптар бойынша әуен таңдалмады. Себебі, кейіпкерлер өте көп болды. Әр кейіпкерге тақырыпқа сай әуен беру арқылы көрерменді жалықтырып алуы мүмкін. Сондықтан режиссер, сценарицст және композитор бастаған топ кейбір тақырыптардағы әуендерді құпия сақтап отырған.
Бұл туралы Рамин Джавади былай дейді: «Мәселен,Теон мен Гри Джойдың екінші кезеңге дейін арнайы тақырыбы не сюжеті болған жоқ. Ал Арьяға біз Старктердің тақырыбын алдық. Кейін оның өзіне тән әуені дүниеге келді».
«Ине» - бұл Арья Старктың сюжетінде ойналатын әуеннің атауы.
«Тақтар ойыны» кезінде барлық дерлік оркестрлік аспаптар ойнатылған. Композитор әуенді жазбастан бұрын ең бірінші сюжетті бірнеше рет қайталап көріп шыққан. Сюжетке бойлай кірген кезде барып, әуеннің ырғағын тапқан.
Композитор үшін ең қиын кездердің бірі сериалдың 6 кезеңіндегі 10 сериясы болған. Себебі, бұл дәл сол сериядағы Церсей үшін дайындалған арнайы тақырыптық әуен болған.