Саясат

Трамп: Қытай күллі әлемді жаулап алмақ

Ол Қытайды ауыздықтауды ойлап отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ басшысы Дональд Трамп АҚШ компанияларының Қытайдан кетіп, өзге Азия елдеріне орналасатынын мәлім етті. Бұл екі ел арасындағы сауда қатынасы тым күрделеніп кеткеннен кейін, орын алып отыр.

Өткен аптада Трамп Қытай тауарларына салынатын салық мөлшерін арттырды. Трамптың пікірінше Қытай біртіндеп әлемді жаулап алмақ. Ал алдағы сайлауда Трампқа қарсылас ретінде Джо Байден түспек. Оның Қытайды жақтап, бәсекелес санамайтыны талай мәрте баспасөз беттерінде жарық көрді. 

"Ол Қытай бізге бәсекелес емес деп мәлімдеді. Қытай – бұл нағыз бәсекелес ел. Ол күллі әлемді жаулап алуды ойлап отыр", – деп жазды Трамп твиттер парақшасына. 

Соңғы уақытта екі ел арасы тым шиеленісіп кетті. АҚШ Қытайды технология ұрлауға қатысы бар деп айыптаса, Қытай АҚШ-ты қысым көрсетті деп айыптауда.