Саясат

Гүлшара Әбдіқалықова: Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әкімдіктер көңіл бөлгені жөн

Жазғы демалыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова жазғы демалыс уақытын өткізуде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға көптеп көңіл бөлу керектігін атап өтті. Бұл туралы inform.kz хабарлайды. 

«Осы аптаның ішінде оқу жылы аяқталады. Сонымен қатар, 1 маусым - Халықаралық балалар күні. Осы себепті, біріншіден жаз уақытында көптеген іс-шараларды қолға алу қарастырылып отыр. Оны балалардың өздеріне кеңірек түсіндіріп, «Ашық есік» күнін ұйымдастыру керек. Екіншіден, қауіпсіздік мәселелерін балалардың өздеріне барынша түсіндірген абзал. Үшіншіден, балалардың өз ұсыныстарын да тыңдап, олардың жаз уақытында демалысты қалай өткізу керектігі туралы пікірін тыңдаған жөн. Сондай-ақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі және жетім балаларға жергілікті жерде әкімдіктер көптеп көңіл бөлсе деген ұсыныс бар», - деді Гүлшара Әбдіхалықова бүгінгі Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек, Үкімет отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін тиісті жол картасын әзірлеуді жүктеген болатын.