Саясат
Мәселе
Қытайға 1 млрд доллардан аса қарыз Шри-Ланка ақыры өз аумағындағы "Хамбантота" айлағын ҚХР иелігіне берді.
Африка құрлығындағы АҚШ-тың басты әскери базасы орналасқан Жибути де Қытай меншігіне өтуі мүмкін. Тәжікстан Қытаймен шектесетін даулы аймағын Қытайға беріп, қарызының көп бөлігінен құтылған болатын.
Сарапшылар бұл жыртқыштық тәсілді "қарыз қамытының дипломатиясы" деп атап кеткен. Яғни инфрақұрылымды дамытуға арзан "тәтті" қарыз беріп, оны кейін дефольт секілді қауіпті бишікке айналдырады.
"The Center for Global Development" ("Жаһандық даму орталығы") деп аталатын коммерциялық емес зерттеу ұйымы "Бір белдеу - бір жол" атты инвестициялық жоспарға қатысып отырған елдердің экономикалық қуатын, Қытай алдындағы қарыз мөлшерін, т.б. факторларды жан-жақты саралай келе, әлемнің сегіз елін ерекше бөліп көрсетіпті: Жибути, Қырғызстан, Лаос, Малдив, Монғолия, Черногория, Пәкістан және Тәжікстан.