Түркі әлемі

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмiреевті қабылдады

Түркі кеңесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмiреевті 2019 жылы 20 мамырда Ыстанбұл қаласында қабылдады.

Түркі кеңесінің жүргiзiп жатқан жұмысы мен 2019 жылы 3 қазанда Әзербайжанда өтетін және Нахчыван келiсiмiне қол қойылуының 10 жылдығын атап өтетiн Түркі кеңесінің 7-ші саммитіне дайындық барысы мен саммит аясында  ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы хабарлады.

Бас хатшы Түркияның Түркі кеңесі мүше мемлекеттерінің барлық салаларында жан-жақты ынтымақтастыққа қосқан үлесі мен белсенді қатысуы үшін, сондай-ақ Кеңестiң жұмысына үздiксiз қолдау көрсеткенi ушiн Жоғары мәртебелi Режеп Тайып Ердоғанға алғысын білдірді.

Бас хатшы Әмiреев жақында құрылған Ортақ Түркi сауда-өнеркәсiп палатасы туралы және Ортақ инвестициялық қор құруға байланысты соңғы өзгерiстер туралы баяндады. Әмiреев бұдан бөлек Президент Эрдоғанға Будапешт қаласында Түркі кеңесінiң өкілдігін ашу, Кеңеске мүше емес елдермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастар, сондай-ақ Түркi кеңесiнiң оңтайлау және реформалау удерiсi туралы хабарлады.

Түркия әрдайым Түркі әлеміне басымдық беретiнiн атап өткен Президент Эрдоған, Түркі кеңесінiң бастамалары мен жұмыстарына және 2018 жылы қыркүйек айында Чолпон-Ата қаласында өткен Түркi кеңесiнiң саммитінде қабылданған шешімдердің орындалуына ризашылық білдірді.

Ердоған Түркi кеңесiнiң бастамалары мен жұмыстары, бауырлас түркітілдес мемлекеттермен және басқа да мүше емес елдермен қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) бақылаушы мәртебесіне ие болуына көрсеткен толыққанды қолдаудың одан әрі жалғасатынына сенiм бiлдiрдi.

Президент Ердоған Ортақ инвестициялық қордың құрылуына дайындықты жоғары бағалап, қордың мүше мемлекеттердің шағын және орта кәсіпорындарын да қоса алғанда бизнестi қолдау үшін жеткілікті әлеуетке ие болу керектiгiн білдірді.

Президент Эрдоған Түркі кеңесі, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры сияқты Түркi ынтымақтастық ұйымдарының реформалау үдерісіне қатысты өз пікірлерін бiлдiрдi.

Кездесуге Бас хатшының орынбасары Омер Коджаман мен Жоба директоры Али Чивиллер де қатысты.