Саясат

«Ресей Украинаны бағындыра алмайды» Саясаттанушы Зеленский туралы пікір білдірді

Ол Ресейден Қырымды қайтаруды талап етеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұдан бізге түсетіні: Ресей Украинаны бағындыра алмайды. Олай болса, бізге ауыз салмайды.

Украинаның жаңа президенті Зеленский "менің портреттерімді кабинеттеріңде ілмеңдер, президенттің портреті икона емес. Шоқынатын Иса пайғамбардың бейнесі емес. Одан да отбасыларыңның, балаларыңның суреттерін іліңдер. Қызметтеріңді атқарғанда солардың көздеріне ұялмай қарайтын болыңдар" деді.

"Әрине бұл – популизм, бірақ қандай әдемі айтылған сөздер", деп пайымдайды саясаттанушы Әзімбай Ғали өзінің парақшасында.

– Майдан революциясы клоундардан қайраткерлер жасады. Президент боларының алдында ол шоумен болған. Ал басқа елдерде, әсіресе Орталық Азияда заңды президенттерден саясат клоун жасады. Түркіменстанның президенті гитара тартып немерелерімен ән салады, ат шабады, бірақ Түркіменстан халқы нан мен ұнға жарымай отыр. Тәжістанда өзара билікке таласып азамат соғысынан кейін халқы есін жия алмай отыр. Тәжіктер – еңбекеқор халық, Ресей мен Қазақстанда ауыр жұмыс істеп жүрек жалғап жүр. Өзбекстанның президенті Қазақстанға ақыл айтқыш еді, марқұм Каримов бес миллион өзбекке жұмыс тауып бере алмай, халқын Ресейде кіріптар қылды. Демократияшыл Қырғызстанда экономика кенжелеп қалды. Алматы қаласының Ішкі жиынтық өнімі бүкіл Қырғызстанның ішкі жиынтық өніміне тең, – деп жазады ол.

Әзімбай Ғалидің ойынша, Зеленский Украинаның мүдделерін батыл қорғайтын болады. Ол Ресейден Қырымды қайтаруды талап етеді.

– Айтайын дегенім, Украина басшылығы АҚШ пен Европалық Одаққа Ресейдің империялық саясатын әшкерелеп отыратын болады. Сонда Украинаның жаңа президенті Ресеймен соғыс ашамын демейді. Бейбіт жолмен өз жерін қайтарып алмақ. Бұл өте дұрыс саясат. Зеленский Ресейдің абыройын Батыс елдері алдында төгіп, Ресейге Батыс елдерінің экономикалы, финанстық, персоналдық санкциялар арқылы қысым жасайды, олай болса бұл Ресейге үлкен тауқымет болмақ. Украинаның жаңа президентін АҚШ пен Европалық Одақ толық қолдайтын болады. Себебі Украинаның бұрынғы президенті Порошенконың Ресейде өз бизнесі болды. Сондықтан ол Ресеймен пәрменді түрде күресе алмады. Порошенконың коррупциясы да болды. Бұдан бізге түсетіні: Ресей Украинаны бағындыра алмайды. Олай болса, бізге ауыз салмайды. Ел аман, жұрт тыныш болады, – деп түйіндейді саясаттанушы өзінің ойын.

zakon.kz