Саясат

Жетісайлықтар алғашқы жеміс өнімдерін ала бастады

Түркістан облысы Жетісай ауданының бағбандары өрік бауының алғашқы өнімдерін ала бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атамекен ауыл округі Мақташы ауылында орналасқан «Арсенал-Сад» ЖШС-гі биыл 12 гектар өрік алқабының әр гектарынан 20 тоннаға жуық өнім алуды жоспарлауда. Аталған қожалықта бүгінгі таңда жалпы көлемі 380 гектар қарқынды бау жайқалып тұр.  Оның 90 гектарын алма, 110 гектарын жүзім, 12 гектарын өрік, қалған 168 гектарын шабдалы, шие, анар секілді жеміс-жидектер құрайды. «Арсенал-Сад» ЖШС-нің агрономы Ерлік Сәдібековтың айтуынша, өріктің бағасы келісіне әзірге 700 теңгеден сатылуда.

«Шаруа қожалығы 2011 жылы 380 гектар жерге бау еккен болатын. Біз алғашқы өнімдерімізді 2013 жылдан бастап ала бастадық. Дәл қазір өріктеріміз пісіп, жетіліп тұр. Негізінде, Қазақстанға жеміс-жидек түрлері көбінесе шетелден тасымалданады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында бастаған ісіміздің бүгінде жемісін көріп отырмыз. Мәселен, бізде өріктің бір келісі базарларда және сауда орындарында 600-700 теңге көлемінде саудаланып жатыр», – дейді Ерлік Сәдібеков.